- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- теміржол
Маңғыстаудағы теміржолдар жеке компанияға тиесілі болған

Маңғыстау облысында сот жеке компанияны магистральдық теміржол желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас көлік прокуратурасы жеке компания Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржолды иеленгенін анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол мемлекет меншігінде болуы керек.
"Бұл нысанның стратегиялық маңызын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажет екенін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша Көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14 наурыздағы шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова