Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар жол учаскелерінің бірінде жол жүруге шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бейнеу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, бүгін, 14 желтоқсанда қарлы боран салдарынан жол көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар Бейнеу - Сайотес жол учаскесінде жол жүру жабылды.
Айта кетейік, кеше Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!