- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын...
Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себебі жарияланды
Фото:
azh.kz
Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себептері жарияланды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сервистік ұйымдармен өткен жиында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Жиында 2023 жылдың 9 маусымында болған Маңғыстау облысындағы Қаратұрын Оңтүстік кен орнындағы №303 ұңғымадағы апатты тексеру қорытындысы жарияланды.
Құрылған комиссия тексеру жүргізіп, апаттың себептері мен мән-жағдайларын анықтады. Атап айтқанда қосалқы мердігер "Заман Энерго" ЖШС:
- ұңғымаларды жобалық құжаттамасыз бұрғылаған;
- жобалық құжаттамаға сәйкес жабдықталмаған бұрғылау қондырғысымен бұрғылау жұмыстарын жүргізген;
- ұңғыма құрылысының технологиялық процесін бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген;
- апат алдындағы жағдайларды дер кезінде тану және шығарындының алдын алу мақсатында аспапты көтерер алдында ұңғыманы шаймаған;
- түсіру-көтеру операциялары кезінде көтерілген (түсірілген) бұрғылау құбырларының көлеміне сәйкес ұңғымаға құйылған (ығыстырылған) бұрғылау ерітіндісінің көлемін бақыламаған;
- бұрғылау ерітіндісіндегі газдардың концентрациясын бақыламаған.
Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы "Бозашы Мұнай" ЖШС мен мердігер "Сaspian Drilling" ЖШС:
- бұрғылаудың технологиялық процестеріне дұрыс өндірістік бақылау жасамаған;
- ұңғымаларды салу кезінде бұрғылау ерітіндісін дайындау, өңдеу, салмақтау және тазалау әдістеріне авторлық қадағалау жүргізбеген;
- тиісті бұрғылау қондырғысының жұмысына бақылау жасамаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы