- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстаудағы қасиетті жерлерге...
Маңғыстаудағы қасиетті жерлерге барған алматылық әлі табылмай жатыр
Маңғыстау облысында еріктілер жоғалып кеткен алматылықты іздеуге көмек сұрайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 23 жастағы Мажтай Жаханшахты іздеуге автокөліктерімен еріктілер шақырылып отыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілері айтты. Жоғалған адам қасиетті жерлерге тағзым ету үшін барған, бірақ 27 мамырдан бастап туыстарымен байланысқа шықпай қалған.
Еріктілер Форт-Шевченко бағытында іздеуді жоспарлап отыр. Бұл үшін оларға көлігі бар еріктілер қажет.
"Іздеу аумағы-Форт-Шевченко және оның айналасы, сондай-ақ, "Сартас" орталығы, Сұлтан-Эпе жерасты мешіті және осы бағыттағы барлық қасиетті орын", - деп түсіндірді еріктілер.
Анықтама үшін байланыс нөмірі: 8 (700 499-72-92 - Давид).
Еске салайық, бұған дейін Ақтауға киелі жерлерді зиярат етуге кеткен алматылық жоғалып кеткені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова