Маңғыстаудағы 104 жастағы кейуана өз таңдауын жасады

Маңғыстаудағы 104 жастағы кейуана өз таңдауын жасады
Фото: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы

Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан республикалық референдумда 104 жасар Сырға Қалиева есімді әже өз таңдауын жасады.

Құрметті ардагер денсаулығына байланысты №140 референдум учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы өз үйінде дауыс берді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері ардагердің өтініші негізінде оның үйіне барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Ғасыр жасаған қарияның елдік маңызды науқанға қатысуы – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге.

Айта кетейік, референдум барысында денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

Осындай мүмкіндіктің арқасында жасы үлкен немесе денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі азаматтар да ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіре алады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Massaget.kz
Logotype Massaget