Маңғыстауда зауыттың бұрынғы директоры сотталды

Маңғыстауда зауыттың бұрынғы директоры сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа үкім шығарды.

Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget