Маңғыстау облысында йогурт тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырап, жүргізуші бүлінбеген өнімді тұрғындарға тегін таратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 7 желтоқсанда шамамен сағат 14:20-да Бейнеу - Боранқұл тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, жол апатының себебі - көктайғақ.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл жайтты растады. Ведомство мәліметінше, Scania маркалы жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Айыппұл көлемі - 20 АЕК, яғни 78 640 теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова