Маңғыстау облысындағы "Шетпе-Жыңғылды" автожолының Маңғыстау ауданындағы бөлігінде болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Полицияның мәліметінше, Ақтау қаласының 21 жастағы тұрғыны Daewoo Nexia көлігін жүргізіп келе жатып, жол бойына шыға келген түйені соққан. "Жол-көлік оқиғасының салдары ауыр болды: жеңіл көліктің жүргізушісі мен 51 жастағы жолаушы әйел - Өзбекстан азаматшасы алған жарақаттарынан қаза болды. Тағы бір жолаушы - 20 жастағы жігіт жабық бассүйек-ми жарақатымен, миы шайқалып және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады басылым тілшілеріне жол-патрульдік полициясының қызметкерлері.
Жол апатына себеп болған түйе өлді.