Маңғыстау облысында жаңбырдан кейін бірнеше көлік су астында қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін көліктерді су басты, - деп хабарлайды "Лада".
Оқиға бүгін, 24 шілдеде "Көк шығанақ" ауданында болған.
Жеңіл көліктер мен жүк көліктері суда қалып қойған.
"Сағат 08.34-те Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінен бір арнайы техника эвакуациялау үшін жөнелтілді. Сондай-ақ, жұмысқа ауылдық округ әкімі Сайын Шапағатов аппаратынан арнайы техника қосылды", - деді Түпқараған аудандық әкімдігінің өкілі жергілікті inAktau порталына.