Маңғыстаудағы Достық үйінде Терроризм-адамзаттың қасіреті тақырыбында арнайы семинар өтті. Оны Маңғыстау облысы әкімі аппараты мен Қоғамдық келісім КММ ұйымдастырды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығына баса мән берген еді. Бұл тақырыпта сөз қозғау, қоғамға ой тастау, түрлі алдын алу шараларын өткізу - әлі күнге дейін маңызды. Оның ішінде - терроризм мен экстремизм мәселесі. - Бізжаһандық қауіпсіздіктінығайту ісінде маңызды роль атқарамыз,халықаралық терроризмге, экстремизмгежәне есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек, - деген болатын. Терроризм күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы болып табылады. Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Маңғыстаудағы семинар да осы қағиданы басты мақсат тұтып ұйымдастырылды. Семинарды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асқар Ахлиддин, Дін істер басқармасының теолог маманы Нұралыұлы Айтмахан жүргізді. Семинарға Гуманитарлық колледждің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Семинар барысында шақырылған қонақтар баяндамаларын оқып, терроризмнің алдын алу және күресу бойынша еліміздің атқарып отырған шаралары туралы, сонымен қатар, экстремистік деп танылған діни ұйымдар, олардың киім кию үлгісі, сырт-келбеті, діни идеологиясы туралы ақпарат беріліп, бейнерөликтер көрсетілді. Жиын соңында мамандар студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.