Ақтауда белгілі эстрада әншісі Ақылбек Жеменей Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Өнер иесі сайлау учаскесіне келіп, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысу арқылы өзінің конституциялық құқығын білдірді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Ақылбек Жеменейдің айтуынша, сайлауға қатысу - әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі. Оның пікірінше, қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы елдің одан әрі дамуы үшін айрықша маңызға ие.
"Бүгін өз азаматтық таңдауымды жасап, дауыс бердім. Елдің болашағы халықтың белсенділігімен тікелей байланысты. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау - әрқайсымыздың азаматтық парызымыз", - деді Ақылбек Жеменей.
Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әнші елдің болашағы үшін әр адамның жеке жауапкершілігінің маңызын да атап өтті. Оның сөзінше, мамандығына, жасына немесе қоғамдағы мәртебесіне қарамастан, әр азамат белсенді азаматтық ұстаным танытып, мемлекеттің дамуына өз үлесін қоса алады.
Маңғыстауда дауыс беру күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй орнады. Өңір тұрғындары отбасымен бірге келіп, мәдени іс-шаралар мен ұлттық ойындарға қатысып, бір-бірімен пікір алмасып, ел үшін маңызды оқиғаның бел ортасында жүр.
Мәдениет және спорт саласының танымал өкілдерінің сайлауға қатысуы да оның маңызына назар аудартып, жастар мен өңір тұрғындарына үлгі болуда.
Бүгін маңғыстаулықтар өз таңдауын жасауға жауапкершілікпен қарап, елдің жарқын болашағына сенім білдіруде.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Massaget.kz