- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі жарнамасы
Маңғыстауда полиция есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдіктіні ұстады
9 қаңтар күні Ақтауда есірткіге қарсы күрес қызметкерлері 42 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар есірткі сататын Telegram-дүкендердің сілтемелері көрсетілген парақшаларды жапсырып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ парақшаларда есірткіні жасырын қойып кетушілер мен курьерлерді жұмысқа шақыру туралы ұсыныс болған. Ұсталғандардың екеуі де жұмыссыз және бұған дейін есірткі айналымына байланысты бірнеше рет жауапқа тартылған.
Ұсталғандардан маркерлер, жарнамалық парақшалар тәркіленді. Сонымен қатар олардан граффити салумен айналысу туралы "оператормен" сөйлескен хаттары мен фотосуреттер сақталған телефондар алынды.
Есірткіні заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан