Маңғыстауда өткен шаңды құйын жұртты таңғалдырды

Маңғыстауда өткен шаңды құйын жұртты таңғалдырды
Фото: Видео кадры

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Таушық ауылында тұрғындар шаңды құйынды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ерекше атмосфералық құбылыстың видеосы 27 маусымда әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан құйынның ауыл көшелерімен жүріп өткенін көруге болады. Видеоның нақты қашан түсірілгені айтылмаған.

Маңғыстау облыстық ТЖД 112 бірыңғай шұғыл қызмет нөміріне зардап шеккендер туралы хабарлама түспегенін мәлімдеді.

Бұған дейін метеорологтар Маңғыстау облысында шаңды құйындардың пайда болу себептерін түсіндірген болатын. Олардың айтуынша, мұндай атмосфералық құбылыстар күн ысып, аспан ашық болған кезде, жер беті қатты қызғанда түзіледі. Температураның күрт өзгеруінен ауа иірімдері пайда болып, олар ауаға шаң мен құмды көтереді.

Мамандар шаңды құйындардың әдетте жойқын күші болмайтынын атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget