Маңғыстаудың Қаракөлінде өлген аққудың саны 900-ден асты. Сыбырлақ аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр 21 желтоқсанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қаракөл көліне күзет шараларын жүргізу кезінде 30 сыбырлақ аққудың (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген) денесін тапқан еді.
Бұл дерек бойынша қорық және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, ЭТРМ Маңғыстау облысының Экология департаментінің, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария жөніндегі Ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алды.
Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы табылды.
Тексеру нәтиежелері:
- 2024 жылдың 9 қаңтары, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тағы 153 аққу өлексесі табылды.
- 2024 жылдың 10 қаңтары, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша тағы 42 аққу өлексесі табылды.
- 2024 жылдың 11 қаңтары, сағат 19:30-дегі жағдай бойынша тағы 40 аққу өлексесі табылды.
"2023 жылғы 21 желтоқсаннан 2024 жылғы 11 қаңтарға дейін барлығы 910 өлексе табылып, жойылды. Қаракөл көлі аумағын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген Экология министрлігінің жауабында.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!