Маңғыстауда оқушылар уланған оқиға: жұмысшылар жалған құжатпен жұмыс істеген

Маңғыстауда оқушылар уланған оқиға: жұмысшылар жалған құжатпен жұмыс істеген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында балалар жаппай тамақтан улануына қатысты мектеп асханасының қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Cот шешімі

Бас прокуратура мәліметінше, асхана қызметкерлері жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектебінің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.

"Бұл жағдай мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеріс кезінде анықталды", - деп жазылған хабарламада. 

Мұнайлы ауданы сотының үкімімен мектеп асханасының 4 жұмысшысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Оқиға қалай, қашан болды?

Еске салайық, 2024 жылы қыркүйекте Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды. Оқиға №8 мектепте болған.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында оқушылар жаппай улануына қатысты пікір білдірді.

Артынша Маңғыстау облысында уланған оқушылар саны 300-ге жетті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget