Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: екі бала жансақтау бөліміне түсті

Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: екі бала жансақтау бөліміне түсті
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауруханаға тамақтан уланған оқушылардың денсаулық жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір ауруханада 67 бала емделіп жатыр. Уланған екі бала жансақтау бөліміне түсті.

"Науқастарға тиісті ем көрсетіледі. Дәрі-дәрмектер мен кереуеттер жеткілікті. Қазір ең маңыздысы - балалардың денсаулығы", - деді облыс әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланғаны хабарланған болатын.

Кейінірек уланған оқушылар саны 140-тан асты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә