"Жетібаймұнайгаз" ұңғымасында қайғылы оқиға болып, бір қазақстандық қаза тапты, ҚХР азаматы жарақат алды. "Маңғыстаумұнайгаз" өкілдері "Великая Стена" ЖШС-дегі жазатайым оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 сәуірде шамамен 16:42- де "Жетібаймұнайгаз" ӨБ № 5613/28 ұңғымасында "Великая Стена" БК ЖШС жазатайым оқиға болды.
Алдын ала деректер бойынша "Жетібаймұнайгаз" ӨБ № 5613/28 ұңғымасында "Великая Стена" БК ЖШС монтаждау жұмыстарын жүргізді, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды.
Газбен дәнекерлеуші, ҚР азаматы оқиға орнында қаза болды, бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері соталды тергеу жүргізеді.
"Великая Стена" БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді. Қазір Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылып жатыр", - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаны тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады.
Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!