Маңғыстауда мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы қолды болған

Маңғыстауда мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы қолды болған
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы қолды болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр мұнай-газ кәсіпорындарында тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижелері бойынша Oil Transport Corporation ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заңбұзушылықтар анықталып, соталды тергеп-тексеру басталған.

Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар. Сот оларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындаған:

  • Кәсіпорынның бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.  
  • Мердігер компанияның екі өкіліне 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.  

Сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген. Үкім заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget