Buzachi Operating Ltd мұнай-газ компаниясы миллиардтаған шығынды өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеріс нәтижелері бойынша Buzachi Operating Ltd компаниясы филиалының қызметінен өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған.
Компания 6 жыл бойы мұнай мен газ жоғалтып, жер қойнауын пайдаланған. Сондай-ақ, уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газ жаққан.
"Прокурорлар қабылдаған шаралар бойынша сот компанияны жалпы сомасы 8,4 млрд теңге залалды өтеуге міндеттеді. Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.
Наурыздың басында компания мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген.
Buzachi Operating Ltd - мұнай мен табиғи газды барлау, игеру және өндіру жөніндегі тәуелсіз компания.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!