• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Маңғыстауда мұғалімдер жалған құжатпен жұмыс істеп жүрген

Маңғыстауда мұғалімдер жалған құжатпен жұмыс істеп жүрген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан мұғалімдерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктері жалған екені анықталған.  

"Ә. есімді педагог 2024 жылы наурызда SDU University университетінің (Алматы қ.) Арнайы педагогика мамандығы логопед-дефектолог біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы мектепте педагог-психолог лауазымында жұмыс істеген", - деп жазылған хабарламада.  

Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталған.

Бұл әрекеттер үшін сот үкімімен 7 педагог Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл тағайындалған.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget