Маңғыстауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.

"Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаның себебі - техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау. Полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget