Ақтауға тексеріс жүргізу үшін ІІМ комиссиясы барды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген ақпарат тараған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Комиссия келгені туралы ақпаратты өңірлік полиция растады.
"Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов өз бастамасымен ІІМ және тиісті органдарға интернетте тараған ақпаратқа байланысты тексеріс жүргізу туралы өтініш жолдады. Департамент басшысы тексеріске мәслихат пен қоғам өкілдерін тартуды ұсынды", - деді Маңғыстау ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшыларының аты-жөні жазылған тізім тарады. Олар "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері" ретінде көрсетілген. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!