Маңғыстауда лауазымды полицейлер қылмыстық топ құрғаны қаншалық рас?

Әлеуметтік желілерде "Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпарат жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшыларының аты-жөні жазылған тізім тараған. Олар "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері" ретінде көрсетілген.

Скриншот/ Маңғыстау облысы ПД

Полиция жауабы

"Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Интернетте әдейі жалған мәлімет жариялау және тарату Қазақстан заңнамасына қайшы келеді", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!