- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда қызының кесірінен...
Маңғыстауда қызының кесірінен анасы сотта жауап берді
Маңғыстау облысында сот кәмелетке толмаған қызының әкімшілік құқық бұзушылығы үшін анасына айыппұл салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың 21 желтоқсан күні өңір тұрғынының кәмелет жасына толмаған қызы әкесінің автокөлігін рұқсатсыз айдап, көше бойында кетіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен болатын.
"Сот отырысында қыздың анасы кінәсін мойындап, баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткенін растады. Сонымен бірге, болған жағдай үшін өкінетінін, алдағы уақытта баласының тәрбиесіне жіті мән беретінін алға тартты. Анасының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және сотта зерттелген істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді. Сот кәмелетке толмаған қыздың анасын кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 69 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды", - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина