Биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог және тәуелсіз сарапшы Виктория Ковшар Қаракөл көліндегі аққулар неден қырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қаңтардағы жағдай бойынша 1018 құстың өлексесі табылды. Оның 41-і Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғандары Қаракөл көлінен.
Виктория Ковшардың пікірінше, аққулардың өлекселерінің саны әлі артады.
"Құс тұмауы - бүкіл әлемде кең таралған құбылыс. Каспийде бұл ауру үнемі тіркеледі. Мысалы, екі жыл бұрын, аққудың қара бас күлкі мен чеграва тұқымдарының жаппай қырылған жағдайын еске түсірейік. Сол кезде аққулардың өліміне мұнай қалдықтарын төгу себеп болды деп есептелгенімен, үкіметтік комиссия олар құс тұмауынан қырылғанын анықтады. Вирус әдетте құстардың белгілі бір түрлеріне бағытталған. Мәселен, 2015 жылы құс тұмауы бұйра бірқазанда ғана табылды, алайда бір жерде мекен ететін, бір түр тармағына жататын қызғылт бірқазанға әсер етпеді", - деді ол.
Оның айтуынша, көбіне қысқа төзімсіз жас құстар өліп жатыр.
"Бұл - табиғи процесс. Аққуларды құтқару - салыстырмалы түрде қар көшкінін қолмен ұстап, тоқтатқыңыз келетіні сияқты мүмкін емес дүние. Сол себепті үйрек пен қаз сияқты үй құстарына, құс тұмауын жұқтырудың алдын алу маңызды. Мен вирус белсенділігін өлі құстардың денесінде, салқын ауа райында, аязда ұзақ уақыт бойы сақтайтынын байқаймын, тіпті -27 С градуста да вирус белсенді болады", - дейді сарапшы Виктория Ковшар.
Қазір таңда Маңғыстауда қыстайтын аққулардың жалпы саны - 50 мың.
"Аққулардың жалпы санының ең көп дегенде 2 пайызы өлді. Көлге төгілетін суларға келетін болсақ, олар аққулардың өліміне әсер етіп жатқан жоқ. Өйткені ол көлдің биохимиялық құрамына қатты өзгеріс әкелмейді. Көлге түсетін органикалық заттар зиян тигізбейді, керісінше көмектеседі. Егер ол зиян келтірсе, аққулар ғана емес, басқа да құстар қырылатын еді. Еліміздің көптеген қаласында сарқынды суларды тазарту нысандары бар. Олар Алматы маңындағы - Сорбұлақ, Атыраудағы "Тухлая балка" және Батыс тұндырғыш. Бұл жерлерде көптеген органикалық заттар бар, бұл құстардың алуан түрлілігіне ықпал етеді. Мысалы, Атырауда "Тухлая балка" аймағында Қызыл кітапқа енген алакөз сүңгуір үйрек пен ақбас үйрек сияқты құс түрлері ұя салады", - деді биология ғылымдарының кандидаты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда көл жағасынан 30 аққу өлі табылғаны хабарланды. Ал кейін "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден аса өлі аққу табылды.
Кеше Маңғыстау облысында қырылған сыбырлақ аққу саны 601-ге жеткені белгілі болды.
Маңғыстау облысындағы аққулардың өліміне Rixos қонақүйінің қатысы бар ма?
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз