Маңғыстауда қазақстандықтардың жарты миллион теңгесін жымқырған хакер әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, Түркістан, Атырау және өзге облыс тұрғындары әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы қомақты сомадағы қаржы жымқырған хакерге қатысты полицияға арызданған. Арам ойын жүзеге асырған жергілікті тұрғын ғаламтордың көмегімен жәбірленушілердің банк есепшоттарынан 500 мың теңгеден аса ақша ұрлаған. Полицейлер 24 жастағы күдіктіні ұстаған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!