26 қазанда жол апаты болды. Түйенің иесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 23:00 шамасында болды. Lada Largus көлігі жолға кенет шыққан түйемен соқтығысқан.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті апаттың Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы маңында болғанын мәлімдеді. Жүргізуші жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері түйенің иесін анықтап, жауапкершілікке тартты.
Түйенің иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Айыппұл - 3 АЕК (11 796 теңге).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!