Блогер Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында өлген қоқиқаздардың суретін жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
lada.kz редакциясы авторға хабарласып, құстардың нақты қайдан табылғанын, сонымен қатар қанша құс зардап шеккенін анықтап көрген.
4 қазанда Азамат Сәрсенбаев Instagram-парақшасында өлген құстардың суреттерін жариялады.
"Өлекселерді тексеріп, зерттеуіміз керек, бұл құстарды осылай шашып тастайтындай құмды дауыл болмаған сияқты еді. Олар өздері өлді ме, әлде біреу өлтірді ме?" – деп жазды автор.
Редакцияға берген сұхбатында Азамат Сәрсенбаев өлекселерді далада, Қаламқас пен Қаражанбас арасында жергілікті тұрғындар тауып алғанын айтты. Жалпы алғанда адамдар шамамен 5 құсты тапқан. Олардың бәрі таланған, адамдар оларды жыртқыштар өлтірді деп ойлаған.
Маңғыстаулық эколог Кирилл Осин басқа нұсқаны алға тартты: күні кеше ғана қоқиқаздардың Қаракөлге ұшып келгені хабарланды.
"Бұл ұшудан аман қалмаған құстар шығар. Жалпы алғанда бұл құбылыс өте кең таралған және әдетте жастарына қатысты. Кейде оларға күш пен тамақ жетіспейді және олар өліп қалады. Бұл табиғи сұрыпталудың дәл осындай мысалы болса керек. Ал өлекселердің талануы, сірә, өлгеннен кейін жыртқыштар "қызықса" керек", – дейді "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ директоры Кирилл Осин.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!