Маңғыстауда киіктің 527 мүйізін сатып алған адам 7 жыл түрмеде отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ол мүйізді одан да қымбат бағаға сатуды жоспарлаған. Істі Бейнеу аудандық соты қараған. Тергеу мәліметінше, 26 жастағы тұрғын 144 келі (527 тал) киік мүйізін сатып алған. Алайда ол артынша ұсталып қалған.
Аса ірі залал келтіре отырып, дериваттарды заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Прокурор "сатып алушыны" жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ер адамға бес жыл аң аулауға тыйым салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!