Маңғыстау облысы Құрық теңіз портында зергерлік бұйымдарды заңсыз әкелу әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, кемені Қазақстан аумағына кіргізу кезінде күмән тудырған жолаушы анықталған.
1964 жылы туған Қазақстан азаматы паспорт бақылауынан өткен. Кейін оның жүріс-тұрысы кеден қызметкерлерінің назарын аударған. Әйелдің қадамы баяулап, қолын үнемі іш тұсына қойып жүргені байқалған.
Осыған байланысты кеден қызметкерлері, Шекара қызметі, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және көлік прокуратурасының өкілдері жеке тексеріс жүргізген.

"Тексеріс нәтижесінде әйелдің жыныс мүшесіне жасырылған 34 зергерлік бұйым тәркіленген. Олардың қатарында 15 жиынтық (сырға мен сақина), жеті сақина, үш жұп сырға, бір шынжыр және сегіз түрлі білезік болған", - деп жазылған хабарламада.
Суреттер: gov.kz
Бұл дерекке қатысты Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова