- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда жүздеген тұрғыны...
Маңғыстауда жүздеген тұрғыны бар ауыл құм астында қалуы мүмкін
Фото:
Lada.kz
Маңғыстаудағы облыс орталығынан 200 шақырым шалғай жатқан Жарма ауылын құм басып барады, - деп хабарлайды Atameken Business.
Басылым мәліметінше, мал шаруашылығымен жан бағып отырған ауыл тұрғындары ертеңгі күндеріне аса алаңдаулы. 1960-шы жылдары құм тұрғын үйлерден 300 шақырым қашықта болған.
Бірақ бүгінде қуаңшылық пен қатты желдің салдарынан баспаналарынан бөлек, мал қоралары да құмның астында қалған. Жауаптылардың сөзінше, мәселені шешуге ақша бар, бірақ жұмысты қолға алатын мердігер жоқ.
С. Сатыбалдина