Маңғыстауда жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған ер адам 15 жылға сотталды

Маңғыстауда жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған ер адам 15 жылға сотталды
Фото: Видео кадры

Маңғыстау облысында өтіп бара жатқан адамдардың көзінше аяғы ауыр әйеліне пышақпен шабуыл жасап, басынан бірнеше рет тепкен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы, ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, шабуыл кезінде ол мас күйде әйеліне жұрттың көзінше арқасынан, жамбасынан, кеуде тұсынан пышақ сұққан. Кейін ол жерге құлаған әйелінің басынан тепкен. Куәгерлер мен полицейлер ер адамды сүйреп алып үлгерді.

Прокурор ер адамды тағылған айып бойынша кінәлі ден танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастағаны хабарланды.

Артынша жәбірленуші жүкті болғаны белгілі болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек