- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда жер қойнауын...
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн теңге өндірілді
Фото:
depositphotos.com
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн тенге өндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасымен Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының қызметінде жүргізілген тексеру барысында жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталды.
Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы BNG Ltd ЖШС жер қойнауын пайдалану кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына 2022-2023 жылдарға арналған шығыстар бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 175 млн теңге қаржы өндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина