Маңғыстауда жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының суреті тараған. Жергілікті полиция департаментінің өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.
ПД мәліметінше, оқиға 8 маусымда сағат 16.54 шамасында Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болған.
"Лада-15" автокөлігінің иесі пойызға жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен адамның бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - дейді ПД өкілдері.
Полиция мәліметінше, "Лада-15" иесіне әкімшілік хаттама толтырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!