Маңғыстау облысында психотроптық заттарды сақтаған тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта алқабилер айыптау үкімін шығарды.
2024 жылдың 21 қазан күні Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен айыпталған А-ға қатысты, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, заңсыз өткізу мақсатында сақтау дерегімен сотқа берілген қылмыстық ісі қаралды.
Мемлекеттік айыптаушы А-ға аталған баппен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. А. және оның қорғаушылары оны ақтауды сұрады.
Іс бойынша А-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болған жоқ.
Алқабилердің шешімімен А. аталған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!