- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда ерекше ақ...
Маңғыстауда ерекше ақ үкі суретке түсіп қалды
Маңғыстауда ерекше ақ үкі суретке түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстауда Тасорпа қорығының инспекторлары ақ үкіні суретке түсірді. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, облыс фаунасының сирек кездесетін түрі алғаш рет көзге түскен.
"Бұл - сирек кездесетін, кей кезде қыстайтын құс. Орда мен Қамыс-Самар көлдерінен, Махамбет кентінен, Жайық бойымен, Маңғыстау, Солтүстік Арал маңы, Сырдария аңғары мен Тянь-Шаньның солтүстік бөктерінен қыстайды. Кейде Марқакөл көлінің маңында, Батыс Алтай тау бөктерінде және Зайсан ойпатында кездеседі. Құстарды сәуір-мамыр айының басында көруге болады. Наурызда пайда болғанына қуаныштымыз, мұны жақсы белгі деп санаймыз, өйткені қазір қасиетті Рамазан мен Наурызнама айы өтіп жатыр", - деді Мыңберген Қаратауов.
Қазақстанда үкілердің 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Үлкен үкі ақ түсті болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова