Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кеткен, дәрігерлер зардап шеккен адамның аяғын кесуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Бейнеу ауданының Боранқұл станциясында болған.
Бейнеу аудандық орталық ауруханасының мәліметінше, жедел жәрдем станциясына хабарлама 28 ақпанда сағат 21:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізген.
Ақпаратқа сүйенсек, 1989 жылы туған ер адам мас болған. Дәрігерлер тізеден төмен бөлікті кескен.
"Жалпы жағдайы ауыр. Есін біледі. Жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімге ауыстырылды", - деп жазылған мәліметте.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылы мұндай 75 жағдай тіркелген. Оқиғалардың негізгі себептері - теміржол арқылы өту ережелерін бұзу, мас болу, құлаққап тағып жүру және суицид.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова