Маңғыстауда жұрттың көзінше жұбайын пышақтап тастаған ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазір ер адамды ұстаған полиция қызметкерлері арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастағаны хабарланды.
Артынша жәбірленуші жүкті болғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!