- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда ер адам...
Маңғыстауда ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Маңғыстауда жұрттың көзінше жұбайын пышақтап тастаған ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазір ер адамды ұстаған полиция қызметкерлері арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастағаны хабарланды.
Артынша жәбірленуші жүкті болғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова