Дәрігерлер күйеуі жұрттың көзінше оны пышақтап тастамақ болған әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 шілдеге қараған түні Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына 24 жастағы әйел түскені хабарланды. Оның кеудесінде, ішінде, жоғарғы және аяғында бірнеше пышақ жарақаттары бар.
Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің жүкті болғанына 10 апта өткен.
"Жәбірленушіні кезекші хирургтер, травматолог және реаниматолог тексеріп, жедел түрде операциялық бөлімшеге жатқызды, алдын ала диагноз: іш қабырғасы мен кеуде қуысының сол жағындағы пышақ жарақаттары", - деп хабарлады дәрігерлер.
Қазір ол жансақтау бөлімінде.
"Қазір жағдай тұрақты ауыр. Ақыл-есін біледі. Гемодинамика тұрақты. Жансақтау жағдайында емдеуді жалғастыра береміз", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана өкілдері.
Еске салайық, Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған еді. Облыстық полиция департаменті өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз