Маңғыстау облысында ер адам ата-анасының көзінше әйелін соққыға жыққаннан кейін сотқа шақырылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі Қарақия ауданында жергілікті тұрғынға қатысты іс қаралғанын айтты. Ер адам әйелінің ата-анасына қонаққа барған кезде жұбайын соққыға жыққан. Ведомство мәліметінше, денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген деп бағаланған.
Ер адамға "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша айып тағылған. Сот отырысында ер адам әйелінен кешірім сұраған, ол кешірген. Сот тараптар татуласқанына байланысты ер адамды әкімшілік жауапкершіліктен босатқан, осылайша, іс тоқтатылған. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.