Маңғыстаудағы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Экс-шенеунікке 2 917 000 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істің нәтижесінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы мен "Каспий" футбол клубының директорына айыппұл салынды.
"Сот алқасы Қанат Жұмабаевқа 2 917 000 теңге айыппұл салды. "Каспий" футбол клубының директорына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 333 600 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қанат Жұмабаев 2022 жылы тамызда жұмыс орнында ұсталған болатын.
Өткен жылы мамырда бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған спорт және дене шынықтыру басқармасының бұрынғы басшысы Қанат Жұмабаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Сот Қанат Жұмабаевты ақтап шыққан болатын.
2023 жылдың шілдесінде Қанат Жұмабаев ақталған соң Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы қызметіне қайта оралды.
Қанат Жұмабаев ақталған соң спорт басқармасының басшысы қызметіне оралғаннан кейін үш ай өткен соң қызметінен кетті. 2023 жылдың қазан айында облыстық спорт басқармасының экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қайтадан жаңа сот талқылауына жіберілген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!