Маңғыстау облысында Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін "Құдайдың сауыты 4: Ультиматум" фильмінің түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Түсірілімнің ашылу рәсімінде режиссер Роберт Кун мен Джеки Чан кино саласындағы дәстүрге сай символикалық тәрелкені сындырып, түсірілім жұмыстарына ресми түрде кірісті.
Фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау облысындағы ең танымал табиғи орындардың бірі - Бозжыра шатқалында түсіріледі.
Бұған дейін, 9 шілдеде, фильмнің түсірілімі Алматыда басталған еді. Туындының түсірілім жұмыстары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz