Ақтау гарнизонында белгісіз заттың жарылуынан әскери қызметші мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонында "Оймаша" оқу полигонында жұмыс жүргізу кезінде болған.
"2023 жылғы 30 қыркүйекте Ақтау гарнизонының "Оймаша" оқу полигонында жұмыс барысында белгісіз зат жарылды. Салдарынан әскери қызметші түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне қарамастан, әскери қызметші ауруханаға барар жолда қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Д.Оспанов бастаған комиссия жіберілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!