Маңғыстауда балабақшада балалар жаппай астан уланды

Маңғыстауда балабақшада балалар жаппай астан уланды
Фото: depositphotos.com

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген. 

"Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13-те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық", - делінген хабарламада.

Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget