- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда ауыр жүк...
Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр
Маңғыстауда ауыр жүк таситын көліктер көпірді талқандап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, көпір - салмағы 40 тоннаға дейінгі автокөліктерге ғана арналған. Соған қарамастан, 90-100 тонналық жүгі бар ауыр автомобильдер өтіп жатыр.
"3-4 күн бұрын шетелдік мекеме жүктерді өткізіп жіберді. Осы жерде айналып өтетін жол бар. Бірақ мына мекеменің көліктері ол жолды пайдаланбай, көпірдің үстімен өтіп кетті. Жүктердің салмағы 90 - 100 тонна. Ал көліктің өзін қосқанда одан да ауыр болады. Соның салдарынан көпір тозып, талқаны шықты. Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр? Ешқандай бақылау жоқ", - дейді тұрғын.
Көпір Ақтау-Ақкетік облыстық маңыздағы тас жолының бойында, Сақақұдық жерінде орналасқан. Әкімдіктегілердің айтуынша расында да көпір 40 тоннаға дейінгі салмақты көтереді. Одан ауыр жүк таситын көліктер айналма жолмен жүруі тиіс.
Маңғыстау облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшылығы бейнежазбаға қатысты тексеру жұмыстары басталғанын жеткізді. Алдымен бейнежазбаның қай кезде түсірілгені анықталады. Содан соң Баутино портынан шыққан жүктер тексеріледі. Мекеме белгілі болған соң, заң аясында тиісті шаралар жүргізілмек.
@adal_jol ауыр өлкен өлшемді жүк көліктер #теміржол #жолпол #қауіпсіздік #бағдаршам #камера #айыппұл #трасса #fyp #recomendation #tiktok #elbruso #oversizedcargo #cargo ♬ original sound - ADAL_JOL
Сая Мәжитқызы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz