Маңғыстауда ауыл тұрғындары оқушыларды “үлкендер“ қорқытып жүргеніне шағымданды

Маңғыстауда ауыл тұрғындары оқушыларды “үлкендер“ қорқытып жүргеніне шағымданды
Фото: Ақжігіт ауылы. Фото: foto-planeta.com

Маңғыстау облысының Ақжігіт ауылында жергілікті тұрғындар Бейнеу ауданының полиция бөлімінің бастығы Еркебұлан Ізкеновке ашық хат жазып, ауылдағы бір топ жас оқушыларды қорқытып, бопсалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындар бұл жүйені жойып, кінәлілерді жазаламаса, 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қайғылы жағдай қайталана ма деп қорқады.

Хатта бір топ жас мектеп оқушылары арасында қоқан-лоқы көрсетіп, бопсалап жүргені айтылады. Сондай-ақ, оқушылар "үлкендердің" жеке тапсырмаларын орындауға мәжбүр екені жазылған. Бұған келіспейтіндер соққыға жығылады екен. Тұрғындардың сөзінше, бұл нәрсе жайлы ашық айтпаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соққан, олар балалары үйден қорықпай көшеге шығуы үшін тәртіп орнатуды талап етті.

Үндеуге 24 отбасы қол қойған. Олардың барлығы мұндай жағдай ауылдың кез келген оқушысының басына келе ме деп алаңдайды.

8 сәуірде Ақжігіт ауылында жұмбақ жағдайда 11-сынып оқушысы қайтыс болды. Марқұмның отбасы оны әлдекімдер өлтірді деп күдіктенеді.

Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні ұстағанын хабарлады. Аймақтың бас прокуроры бұл істі бақылауына алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget