Маңғыстауда Бейнеу ауданында жаппай астан улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Инфекция ошағы - дәмхана уақытша жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындар 19-ақпан күні "Али-ман" фасфут орталығына түрлі тағамға тапсырыс берген. Келесі күні өздерін жәйсіз сезініп, улану белгілерімен жедел-жәрдем шақырыпты. Ал 21-інен бастап, жаппай ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығына "Натыланбаған ішек инфекция ауруы" диагнозы қойылды.
-37 науқастың 27сі стационарда. Олардың қазіргі таңда 7 еуінің жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ал 20 адамның жағдайы бір қалыпқа келді. Араларында 2 жүкті әйел мен жас босанған әйел бар. 8 бала бар. Біз солар үшін алаңдадық. Бірақ, қазір ол науқастардың да жағдайы қанағаттанарлықтай. Ал 10 жағдайға байланысты авсервациялық құжаттары ашылып, олар үйлерінде емделіп жатыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.
Осы оқиға бойынша СЭС мамандары дәмханада тексеру жұмыстарын жүргізген. 10 нан астам тағамнан сынама алып, зертханаға жолданды. Кәсіпкерлік нысан тағам әзірлеп, жеткізу қызметін көрсеткен.
"Анализдер алынды, тамақ анализдері, жұғындылар алдық. Ішінде жұмыс істейтін қызметкерлер тексерілді. Бірақ оның нәтижесі әлі шыққан жоқ,зертханада. Одан бөлек, біздер енді жоспардан тыс тағы тексеру тағайындап жатырмыз. Ол арнайы құқықтық статистикаға, прокуратураға тіркеледі. Ол тексеру бүгін ашылуы тиіс", - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев.
Ал, полиция департаменті жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Санитарлық қағидалар мен гигиена талаптарын бұзу дерегімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жәбірленушілерге қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды.
Сая Мәжитқызы
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!