Маңғыстау облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс әкімдігі мәліметінше, күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз