Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрес іс-шараларын жүргізу аясында қылмыстық "кәсіптің" жолын кесуді жалғастырып жатыр.
Осылайша, 2023 жылғы қаңтарда ҰҚК прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді.
Құнды тауардың ірі партиясын саудалау әрекеті кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды.
Мемлекетке 1 миллиард теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды.
Соталды тергеу аясында ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!